Bugin
20 мамырда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты.
Оқиға сол күні сағат 02:20 шамасында болған. Toyota Ipsum және КаМАЗ көліктері соғысып, Toyota Ipsum өртеніп кеткен. Көліктегі жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапқан. Екі адам зардап шегіп, оларды ауруханаға жеткізген.
Қайтыс болғандардың арасында бала болғаны белгілі болды.
Сондай-ақ Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісіне жыл басынан бері 10 хаттама жасалған. Жылдамдықты арттырғаны үшін сегіз, ал қауіпсіздік белдігі тағылмағаны үшін екі хаттама жасалыпты.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу басталды.
Қайтыс болған жүргізуші мен жолаушылар - Өзбекстан азаматтары.