Әлем

Армения премьер-министрі Пашинян маңызды мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақты Әзірбайжан аумағы деп тануға дайын екенін айтты.

Пашинян баспасөз маслихатында:

86,6 мың шаршы шақырымға Таулы Қарабақ та кіреді. Бірақ Таулы Қарабақ армяндарының құқықтары мен қауіпсіздігі мәселесі Баку — Степанакерт форматында талқылануы керек, - деді. 

Бұл ретте Пашинян Әзірбайжанмен бейбітшілік шартының мәтінін тезірек келісуге үміт білдірді.

Қарабақ қақтығысы 1988 жылы ақпанда Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялаған кезде басталған.

1992-1994 жылдардағы қарулы қақтығыстың нәтижесінде Әзірбайжан Таулы Қарабақты және оған іргелес жеті ауданнан айырылды.

2020 жылдың қыркүйегінде таулы Қарабақта қақтығыстар қайта басталды. Үш айға созылған қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар да құрбан болды. Бітімге келудің үш әрекеті де сәтсіз аяқталды, бірақ кейін Ресейдегі кездесуде Баку мен Ереван бейбітшілік келісіміне қол қойды.

Ал өткен жылы Армения мен Әзірбайжан Ресей, АҚШ және Еуропалық Одақтың қатысуымен болашақ бейбітшілік келісімін талқылауға кірісті.