Әлем
Бахмут үшін шайқас - Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы басталғаннан бергі ең ұзақ шайқастардың бірі.
Ресей әскерінің жеңісімен аяқталған шайқас ошағы 20 мамырда "Вагнер" жеке әскери компаниясының бақылауына алынды. Ал Украинаның Қарулы Күштерін көрші елді мекендерге қысып тастады.
Бахмутта қазір Ресей тулары ілулі тұр. Ал қаланың өзі ауыр шайқастардан кейін қирандыларға айналды.
Мұнда үйлер мен ғимараттардың көпшілігі қираған. Іс жүзінде қала түбегейлі жойылды деуге де болады.
2022 жылдың тамызында басталған Бахмут үшін шайқаста Украинаның Қарулы Күштері қаланы мүмкіндігінше қорғады.