ДЕНСАУЛЫҚ

Таңғы асқа жеуге болмайтын 4 тағамды білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ас адамның арқауы» деген жақсы сөз бар. Адамның денсаулығына тек тазалық пен спорт қана емес, дұрыс тамақтану да әсер етеді.

Әсіресе таңғы аста құнарлы әрі пайдалы тамақ жесеңіз, күні бойы сергек жүруіңізге себеп болады. Осыған байланысты мамандар таңғы асқа бірнеше тағамды жемеу керегін ескертті.

Таң кофемен басталмауы керек

Таңертең жұмысқа бара жатып бір шыныаяқ кофе ішу көп жанның әдетіне айналған. Алайда бұл қате дәстүр. Кофе – цитрус секілді, асқазанды тітіркендіреді. Біріншіден, таңғы асқа дұрыс тамақтанып, содан кейін кофе ішу керек.

Көкөніс тұтынбаңыз

Көкөністің адам ағзасына берер пайдасы мол. Десек те, таңғы асқа балғын көкөніс жемеген жөн. Егер тұтынған жағдайда, сізде гастрит өршуі мүмкін.

Банан

Бананды тек сұлы ботқасымен жеуге болады. Әйтпесе, ағзаңызда магний мен кальций теңгерімсіздігі болады.

Шұжық өнімдері

Шұжық өнімдерінің құрамында май мен консерванттар аз емес. Ал адам ағзасы мұндай көп мөлшердегі қоспаларға кері әсер етуі ықтимал. Абзалы – таңертең мұндай өнімдерді жемеу керек.