Bugin
Қарағанды облысында екі жасар баланы УАЗ көлігі басып кетті. Көлікті артқа қарай айдап келе жатқан жүргізуші сәбиді қағып кеткен.
Оқиға Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында болған. Мәлімет бойынша, жолдың үстіне шығып кеткен баланы жүргізуші байқамаған.
Үйдің ауласында жүрген бала жолға шығып кетті. Жүргізуші оны байқамай қалды. Өйткені бала ол кезде көзге көрінбеді. Балаға жүргізуші алғашқы көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізген. Өкінішке қарай бала қайтыс болды. Бәріне де үлкен қайғы болды, - дейді ауыл тұрғындары.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың өліміне әкеліп соғу фактісін растады.
УАЗ көлігінің 35 жастағы жүргізушісі кері бағытта келе жатып екі жасар баланы қағып кетті. Оқиға салдарынан жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.