Bugin
Алматы қалалық ТЖД-ның Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Әнуар Юсупов өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде суға түсуге болмайтын орындар туралы айтып берді.
«Алматы қаласы мен тау бөктеріндегі аймақтарда 44 су қоймасы бар. Оларға өзендер, көлдер, арналар, тоғандар кіреді. Оның ішінде 12-сі тұрғындар үшін қауіп төндіреді», - деді Әнуар Юсупов.
Оның сөзінше, төменде аталған су айдындарында шомылу адам өміріне қауіп төндіреді.
1. Байбесік және Өжет шағынаудандары арасындғы атауы жоқ су айдыны - Алатау ауданы);
2. Үлкен Алматы өзені (Шаңырақ-2 шағынауданында) - Алатау ауданы;
3. Үлкен Алматы өзені (әл-Фараби даңғылындағы көпірден бөгетке дейін) – Бостандық ауданы;
4. Первомайский тоғандары («Кемел» шағынауданында) - Жетісу ауданы;
5. Кіші Алматы өзені (Бутаковкаға бұрылатын тұста) – Медеу ауданы;
6. Кіші Алматы өзені (Орталық мәдениет және демалыс саябағында) - Медеу ауданы;
7. Терренкур тоғаны-Медеу ауданы;
8. Юбилейное көлі – Медеу ауданы;
9. Әуежай көлі - Түрксіб ауданы;
10. Қайрат кентіндегі көл - Түрксіб ауданы ;
11. Қарасу өзенінің сағасы (Шестуха) - Түрксіб ауданы;
12. Ақсай өзені - Наурызбай ауданы.
Спикер қала тұрғындары мен қонақтарына суда шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтауға шақырып, жауапсыздықтың арты ауыр зардаптарға әкелетінін ескертті.