Bugin
22 ақпанда Түркістанда екі қасапшы жанжалдасып, біреуі екіншісін пышақтап өлтірген. Қылмыстық іске қатысты сот үкімі шықты.
Қасапшыны өлтірген ер адамға қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Мал союдан дау туындап, сөзге келген екі ер адамның біреуі екіншісін пышақтап тастаған. Одан соң қашып кеткен. Жәбірленушінің анасы 15 жыл сұрайды.
99 бап бойынша бас бостандығынан айыру 8-15 жылға қарастырылған. Әлі ізденемін. Іштегі ашылмаған нәрселерді шығарамын, кеудемде жаным қалғанша соңына дейін барып, күресемін, – дейді жәбірленушінің анасы.
Қасапшының артында әйелі мен баласы қалды.