Әлем

«Даңқ аллеясына» есімі жазылған қазақ баласы кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өнер әлемінде таланттарға берілетін сыйлықтар мен марапаттар жетерлік. Сондай абыройлы дәстүрдің бірі – Голивудтағы «Даңқ аллеясы». Лос-Анджелеске қарасты Голливуд бульварының он бес кварталы мен Вайн стриттің үш кварталын алып жатқан тротуарлар қатары. Мұнда кино мен музыка саласында еңбегі сіңген тұлғалардың аты жазылған.

«Даңқ аллеясына» әр кезең сайын жұлдыздардың аты жазылып отырады. Барлық адам аттары жерге жазылса, бір ғана тұлғаның аты-жөні қабырғаға қойылған екен. Кім деп ойлайсыз?

Бұл – аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли. Боксшы есімі жазылған жұлдызды тротуарға қойылмауын өтініп, қабырғаға орналастыруын өтінген екен. Себебі боксшы Пайғамбарымыздың (c.ғ.с.) есімі тапталмасын деп, жоғарыға қоюды қалаған.

Иә, аталмыш аллеяда әлем танитын адамдардың аты жазылған. «Даңқ аллеясында» қазақ баласының жұлдызы бар ма?

2021 жылдан бастап Марат Омаров Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына көмек көрсету қауымдастығының мәдениет жөніндегі кеңесшісі болып табылады. Осы ретте өнер иесі әлемдік жұлдыздармен бірлесе түрлі науқандарға қатысып,  береке-бірлікке шақыратын шығармалар жазып, халықтар достығын кеңінен насихаттап келеді. Дүниежүзіндегі қазақтардың басын-қосуды мақсат тұтқан әнші Америкадағы бірнеше штатта концерт беріп, ата жұртты сағынған қандастарды да қуантып жүр.