Bugin

Қызылорда облысында мектеп директоры 5-сынып оқушысын ұрып-соққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда облысы Жаңадария ауылындағы мектеп директоры 5-сынып оқушысын ұрып-соққан.

Әлеуметтік желіде мектеп басшысының оқушыны ұрып-соғып, кейін кінәсін жуып-шаю үшін оқушының үйіне келіп ақша ұсынған видеосы тарады.

Бұдан соң бала басқа мектепке ауыстыруды сұрап өтініш хат жазған.

Хабарламаға Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

"Тіркелген қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, басқа ақпарат бермеді.