Bugin

Ғани Бейсембаев оқу жылының неліктен ұзарғанын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын қорытындылады.

"Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Министрлік алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру, әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету", - деді министр Үкімет отырысында.

Биылғы жаңалық – елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

"Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсынысы; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны құрайды", - деп түсіндірді Ғ.Бейсембаев.

Оның айтуынша, әлем оқушылары жазғы каникулда 77 күн ғана демалса, еліміздің оқушылары үшін 13 апта немесе 90 күн демалыс белгіленген.