Әлем

Арнайы операция әсерінен Украина қуатты мемлекетке айналғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің Украинаға «арнайы операция» деп бастаған соғысы әлі аяқталған жоқ. 2022 жылдың 24 ақпанында алғаш шабуыл жасаған ресейліктердің жоспары орындалмады. Оған әлбетте сыртқы күштердің әсері мол. Бұл тұста НАТО сынды алып ұйымды атап өтпесек болмайды.

Әлеуметтік желіде отандастарын, яғни басқыншы әскерді қолдап жүрген кәсіпкер Евгений Пригожин мәлімдеме жасады. Paranoia.kz телеграм арнасының мәліметінше, Пригожин былай дейді: «Арнайы операция не үшін жасалды? Денацификация жасаймыз деді. Ал біз керісінше Украинаны әлемге әйгілі ұлтқа айналдырдық. Олар қазір дәл бұрынғы гректер яки римдіктер сияқты, күші толысқан, бабы келіскен.

Ал енді демилитаризацияға келсек. Егер арнайы операция басталған сәтте оларда шартты түрде 500 танк болса, қазір оларда 5000. О баста тек 20 мың сарбазы соғысуды білсе, қазір олардың кәсіби әскерінің саны 400 мың. Қалайша біз демилитаризация жасадық? Керісінше милитаризация болды.

Украиндар бүгін өте қуатты ұлтқа айналды. Ұйымшыл. Барлау қызметі жоғары, түрлі қаруға ие. Кеңестік және натолық қаруды бірдей тиімді қолдана алады».

Соғыс болған соң, екі тараптан да шындық-өтірігі аралас деректер тарауы мүмкін. Ресми деректерге келгенде, ресейліктердің жасаған кейбір әрекеттері шындыққа жанаспайтыны жасырын емес. Мәселен бірнеше күн бұрын Ресейдің саяси қайраткері, Дмитрий Медведев: «Бахмут пен Мариуполь қалаларының қирап қалуына тікелей қатысы бар АҚШ, сондықтан Ресейге өтемақы төлесін» деп айды аспаннан шығарған. Әрине, бұл провакациялық мәлімдемеге ұқсайды.

Еске салайық, Украинаға көмек беруін тоқтатпаған бірқатар мемлекет бар. Ертең болатын Рамштайн отырысында америкалық көпфункционалды F-16 жойғыш ұшағын беру талқыланады.

 

Дереккөз: paranoia.kz