ДАМУ
1 маусым - Балаларды қорғау күні. Bugin.kz порталы балаларға арналған тілектер топтамасын жасады.
- "Балаларды қорғау күні" құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
- Сендерді 1 маусым "Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандарын ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз!
- Құрметті балалар, достар, ата - аналар! Сіздерді бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын! Жұртымыз, еліміз тыныш, деніміз сау, басымыз аман, жұмысымыз жемісті болсын!
- Мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Жас ұрпақ, жас буын, жасөспіріпдеріміз аман болсын. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз! Сондықтан тағы да мереке құтты болсын!
- 1 маусым Балаларымызды қорғау күні құтты болсын! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!
1 Маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні
1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік конференцияда атаулы күннің негізі қаланды десе де болады. Неге басқа емес, дәл 1 маусым күнінің таңдалғандығы жайында нақты мәлімет жоқ. Деректердің бірі 1925 жылдың 1 маусым күні Қытайдың АҚШ - тағы бас консулы Сан - Франциско қаласында «Айдаһар - қайық фестивалін» тойлау үшін жетім балаларды жинаған екен деседі. Женевада өткен конференция да 1 маусымда өткен.
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан жетім қалған балалардың жайын 1949 жылы Парижде өткен әйелдер конгресінде көтерді. Осыған орай, келесі жылы 1950 жылы 1 маусымда алғаш рет мереке ұйымдастырады. Жаңа бастаманы көптеген елдер қолдап, осы күнді балалар мерекесіне айналдырды. Енді бір ресми деректерде Балалар күні алғаш рет 1955 жылдың қазан айында Женевадағы ”Балалардың әл - ауқаты халықаралық бірлігі” ұйымының ықпалымен дүние жүзі бойынша аталып өтті делінеді. 1954 жылы 20 қарашада БҰҰ - ның Бас Ассамблеясында Рубаб Мансурдың тарапынан балалар күнін атап өту бастамасы айтылады. Бұл бастама Бас Ассамблея қолдауымен БҰҰ - ға мүше елдерге ұсынылған.
Әлемнің көп елдері 1 маусымды Халықаралық балалар күні деп атап өтетіндігіне қарамастан, кейбір елдерде басқа күндері де мерекеленеді екен. ”Халықаралық балалар күні” Малайзияда қазан айының соңғы сенбісі күні, Оңтүстік Кореяда мен Жапонияда 5 мамыр күні, Сингапурда 1 қазан күні, Түркияда 23 сәуір күні тойланады. Ал Африкада балаларын қорғау күні 16 маусымға белгіленген.
Мәліметтер ашық дереккөзден алынды