Bugin
Павлодарда балаларды сыртынан бақылап, тұрғындардың ашуына тиген ер адам ұсталды.
Әлеуметтік желіде ерекше киім киіп әрі мектептің қоршауынан ішке қарап тұрған ер адамның фотосы тараған.
"Бүгін сағат 16:35-те бейтаныс ер адам Павлодар қаласы №43 ЖОББМ қоршауынан балаларды бақылап тұрды. Полицияға 5 рет қоңырау шалып, хабарласа алмадық. Барлық операторлар бос болмады. Ата-аналар, сақ болыңыздар" делінген жазбада.
Қалалық полиция бөлімі жауап берді.
"Сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласының ПІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері № 43 ЖОББМ жанында 1970 жылы туған ер адамды ұстады. Ол облыс орталығында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді" делінген жазбада.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасы 50-ден асқан адам әңгіме барысында өзін біртүрлі ұстаған. Осыдан кейін олар №7 бригаданы шақырып, ер адамды ауруханаға жатқызған.