Bugin
Бүгін бірнеше өңірде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Астана қаласында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.
Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігіңде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болады.
Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында – 15-20 м/с.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20, күндіз 23-28 м/с сақталады.
Ұлытау облысының орталығында 26-27 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында 26-28 мамырда өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
26 мамырда Атырау облысының батысында, 27 мамырда батысында, оңтүстігінде, 28 мамырда батыс бөлігінде найзағай күтіледі. 26-27 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, 27 мамырда басым бөлігінде, 28 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. 26-28 мамырда күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.