Саясат
Астананың тергеу соты Қазақстан билігіндегі шенеуніктерге "Путинге көмектескені үшін" санкция салуға шақырған оппозициялық белсенді, белгілі спортшы Марат Жыланбаевты екі айға қамады.
Билік оны "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысқан", "экстремистік ұйым жұмысын қаржыландырған" деген күдікпен ұстаған. Адвокатының айтуынша, Жыланбаев айыпты мойындамаған.
25 мамыр күні Астана қаласының тергеу соты тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының лидері Марат Жыланбаевты тұтқындауды сұраған тергеушілердің талабын орындады. Үш аптаға жуық әкімшілік қамауда отырып, шығысымен қайтадан ұсталған Жыланбаев енді тағы 23 шілдеге дейін абақтыда болады.
"2023 жылғы 25 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Т.Жыланбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады", - деп жазды ведомстводан.