Спорт

Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды.

Франция ашық чемпионатында қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 146-орында тұрған 16 жастағы чехиялық Бренда Фрухвиртовамен өткізеді.

Б.Фрухвиртова – негізгі турнирге іріктеу сайыстарынан кейін жолдама алған теннисшінің бірі.

Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцеваның рейтингте 88-сатыдағы бельгиялық Марина Заневскаямен кортқа шығатыны жеребе тартылған кезде-ақ белгілі болған-ды.

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы айналымдағы қарсыласы анықталды. Ол да іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірі, рейтингте 129-сатыдағы италиялық Джулио Зеппиеримен шеберлік байқасады.

Іріктеу сайыстарында сәтті ойнап, Франция ашық чемпионатына алғаш рет жолдама алған 22 жастағы Тимофей Скатов тәжірибелі қарсыласқа тап болды. Ол әлемнің 33-ракеткасы, 32 жастағы болгариялық Григор Димитровпен кездеседі.

Қазақстандықтардың жекелей сындағы осы төрт матчы да 28 мамыр, жексенбі күнге белгіленген.