Weekend
Бақыт туралы
Адам өзін қай кезде бақытты сезінеді?! Әрине қасында жақын туыстары,достары болған уақытта адам бақытқа бөленеді.Әрбір адам өзін жақсы көреді.Сол секілді өзіне жақын жандарды да бағалауға тырысады.
Жалпы бақыт дегеніміз не? Бұл сұраққа екі көзқараспен жауап беріп көрелік. Біріншіден – бай адамдар үшін одан ары бай бола түсу немесе оған ешкім кебергі келтірмеуі, екіншіден – орта тап өкілдері мен жағдайы төмен отбасылар үшін ең басты бақыт – отбасы мен жақын туыстарының денсаулығы. Бірақ осы сезімдерді сезініп алып,басына қонған бақыт құсын бағаламайтындарымыз да жетерлік. Немесе керісінше әр күнінен ләззат алып, барын бағалап шүкіршілік жасайтын мейірімдан жандарымызда бар. Дегенмен көпшілік өмір мәнісін және де басқа құндылықтарды ақшамен бағалауға тырысады. Әйтсе де қоғамда ақшаға сатып ала алмайтын дүниелер барын ұмытпайық. Осы орайда бір сұрақ туындайды. Сізді бақытты ететін не?
Мұндай тосыннан қойылған сұраққа студенттердің көпшілігі байлық деп жауап берді. Бұл да дұрыс жауап болуы мүмкін. Қалай дейсіз бе? Байлық дегенде сіздердің көз алдарыңызға келетін нәрсе тек қана ақша болар. Алайда байлық бұл көк қағаз бен сандық толған алтын-күміс емес. Ол мол қазына-кітапқа ие болу, байлық кітап болар. Сол кітаптарды оқу арқылы, яғни байлық арқылы, руxани жағынан кемелденген жан болу шарт.
Қорытындылай келе, мені бақытты ететін жәйт жайлы жазғым келеді. Менің бақытты болуым үшін көп нәрсе керек емес. Көп адамдарғада солай болар. Ең бастысы маған керегі-қызықты жұмыссымен айналысу,өз мамандығымның нанын жеу. Өйткені мен өз мамандығымды сүйемін. Сіздер де өз мамандықтарыңызды сүйе біліңіздер. Сонда ғана шын бақытты сещінесіздер. Әр адамның бақыты өз қолында, оны әркім өзі таңдайды.