Bugin
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 442- 447 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442– 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 443 – 446 теңге аралығында құбылып тұр.
26 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 04 теңгеге төмендеп, 445,47 теңге болған.
Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445,68 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,57 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,45 - 5,55 теңгеден сатылуда.