Bugin

Ақтөбе: Суға батып кеткен екінші баланың денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше Ырғыз ауданының Құрылыс ауылында екі бала суға батып кетті. Біреуінің денесі екі сағат ішінде табылды. Ал екіншісін сүңгуірлер 5 метр тереңдіктен алып шықты.

«28 мамыр күні сағат 01:25-те ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері тереңдігі 5 метр және жағадан 6 метр қашықтықта 12 жастағы ер баланың денесін судан шығарды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.