Bugin

"Адамдарды аю қуалаған": Желідегі видео қай өңірде түсірілген?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кешеден бері әлеуметтік желілерге тараған аюдың адамдарды қуып бара жатқаны туралы видеоның қай елде түсірілгені белгілі болды.

"Вечерний Бишкек" басылымының хабарлауынша, бұл видео Қытай Халық Республикасында түсірілген. Видеоға мұқият қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қызметтік киімдері Қырғызстан немесе Қазақстан ведомстволарының формаларына ұқсамайды. Сондықтан әлеуметтік желіде жарияланғандай, видеоны осы мемлекеттерде түсірілген деу – қате пікір.  

Тексеру кезінде оқиғаның Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болғаны анықталды. Бейнежазба Қытай пабликтерінде 27 мамырда жарияланған. Онда аюдың қойшының үйіне келіп, адамдарға шабуыл жасағаны түсірілген. Абырой болғанда, одан ешкім зардап шекпеген.