Әлем
Беларусь президенті Александр Лукашенко шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды деген дерек шықты.
Бұл туралы Беларусьте мемлекет басшысына опозиционер Валерий Цепкало айтты. Ол әлеуметтік желіде Лукашенконың Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден кейін Мәскеудің орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғанын хабарлады.
Cонымен бірге оның ауруханаға түскені туралы хабарды Ресей билігіне оппозициялық бірқатар БАҚ пен укариналық интернет-ресурстар жариялады.
Луканшенконың қаны тазартылды деген дерек бар. Қазір оның жағдайы көлікпен тасымалдауға келмейтін болып тұр, – деді Валерий Цепкало.
Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко денсаулық сақтау саласына арналған кеңесте өзінің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Сонда ол елдегі денсаулық саласына қыруар ақшаның бөлінетінін, алайда ешқандай нәтиже болмай жатқанын, ал өзінің денсаулығына қатысты айтылып жатқан әңгіменің бос сөз екенін, ажалы әзір келмейтінін ескерткен еді.