Саясат

Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы саяси пікіріне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іс-сапары барысында Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

Тоқаев Лукашенконың бұл қалжыңын өз деңгейінде бағалағанын айтты. 

Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтас мемлекеттің құрамына қосылуды ұсынған. Мен бұл қалжыңды өз деңгейінде бағаладым. Меніңше, мұның қажеті жоқ, себебі өзге де интеграциялық ұйымдар бар. Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ. Ядролық қаруға келсек, оның бізге керегі жоқ. Өйткені біз Ядролық қаруды таратпау және Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы келісімдерге қосылғанбыз. Біз Бұл халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерді орындаймыз, – деді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Александр Лукашенко Қазақстанға Ресей мен Беларусь одағына қосылуды ұсынған еді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл үшін уайымдайды деп ойламаймын. Егер Қазақстан мен өзге елдерде де Ресеймен біздің арамыздағы секілді тығыз қарым-қатынас орнағанына ешкім қарсы болмаса, бұл өте оңай. Бар болғаны Ресей мен Беларусь одағына қосылу керек. Сонда ядролық қару барлығына ортақ болады. Бұл менің пікірім, ресейліктердің пікірі емес. Бірақ бұл мүмкін деп ойлаймын. Бірігу үшін біздің елдеріміздің арасында бірегей мүмкіндік барын стратегиялық тұрғыдан түсінуіміз керек, – деді Лукашенко "Москва. Кремль. Путин" бағдарламасының эфирінде.