Weekend
70 жастағы әже бір жылда 52 жағажайды тазалап, ғаламшарымызға қамқорлық жасаудың ешқашан кеш емес екенін дәлелдеді
Ұлыбританияның Пэт Смит атты 70 жасар тұрғыны теледидардан жағажайлардың пластиктерден ластануы жайлы деректі фильм көріп,осы жағдайға байланысты қатты алаңдады. Ол түнімен көз ілмей, ертеңіне әрекетжасауды шешті. Пэт өз алдына 2018 жылы апта сайын 1 жағажай жйнайтын мақсат қойды.
Оның туған Корнуолл тұрғындары идеяны қолдады. Пэт еріктілер мен немерелерімен бірге 2018 жылы 52 жағажайды тазартты. Бірақ бұл әңгіменің соңы емес, ол әлемді әлі де жақсарту үстінде.
Пэт «Соңғы түтікше» атты науқанды бастады. Ол пластикалық түтікшелердің зияны мен қауіптері туралы хабардар етуді және оның туған қаласы мен әлемін осы қоқыстан тазартуды өз миссиясы ретінде көреді.
Біз бүкіл жер шарының ластануына жауаптымыз. Біз біріксек қана планетамызды қоқыстардан құтқара аламыз. Пэт Смит әлемді құтқару үшін әрқашан мүмкіндік бар екенін дәлелдеді.