Bugin
Қорғаныс министрлігі ҚР Үкіметінің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады.
Ведомство мәліметінше, құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 6 маусымына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.