Bugin
Қазақстанның бір топ өнер иелері Қарақалпақстанда жазықсыз қамауда отырған үш отандасымызды елге алып келуді өтініп, президент Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігіне үндеу жолдады.
Бейнеүндеу авторларының айтуынша, Қазақстанның үш азаматы – Жүнісов Данияр, Көбентаев Айдос және Жақыпбеков Еркеғали нақақтан-нақақ Нүкүсте қамауда отыр. Оларды ұрып соққан Қарақалпақстан азаматтары бостандықта жүр. Өнер иелері қылмыстық іс жан-жақты, толыққанды, объективті тергеліп жатқан жоқ деп есептейді.
"Айыпты екендеріне ешқандай дәлел болмаса да, әлі күнге дейін қамауда отыр. Сот процесі қайта-қайта шегеріліп жатыр. Біз Президент әкмішілігіне де, Сыртқы істер министрлігіне де, еліміздің Өзбекстандағы елшілігіне де хат жолдадық. Алайда ешқандай нәтиже болмады. Сондықтан осы мәселенің шешілуіне атсалыссаңыздар екен. “Әр қазақ – менің жалғызым”. Қазақстан азаматтарының құқығы қай елде жүрсе де аяққа тапталмауы керек”, – дейді үндеу авторлары.