Саясат

Атақты "Азат Ресей" легионы Мәскеуге шабуыл жасауы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның The Times газеті Украинада РФ басқыншыларына қарсы соғысып жатқан "Азат Ресей" легионының мыңдаған отандастарын қатарларына алып, Мәскеу қаласына шабуыл жасағысы келетінін хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, қазірдің өзінде легионның жасағына қосылғысы келетін мыңдаған адам бар. Осы жерде БАҚ легионның командирінің Мәскеуге шабуылдау туралы жоспар құрып жатқанын жазды.

Біздің қатарымыз күн өткен сайын көбейіп жатыр. Қазір мыңдаған үміткеріміз бар. Олар қолдарына қару ұстап, шекараға шабуыл жасағысы келеді. Біздің жауынгерлер көп болғанда Мәскеуге шабуыл жасаймыз, – деді «Цезарь» деген лақап ат алған легионның командирі.

Қолда бар дерекке қарағанда, қазір «Азат Ресей» легионының партизандары шынымен де көбейіп жатыр. Кеше Белгород облысында бет-ауызын тұмшалап, әскери киінген бір топ ер адам орман арасында өздерін партизандардың қатарына жатқызып, РФ халқына үндеу жолдады.