Bugin
"NIS Challengе" барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өтті.
"Даму қоры" корпоративтік қорының қолдауымен NIS Alumni қоғамдық бірлестігі еліміздегі Зияткерлік мектептерде интеллектуалды ойын өткізді. Білім сайысына 22 мектептен 1200-ге тарта оқушы қатысты. 5 раундтан тұратын байқауда қатысушылардың жылдамдығы мен тапқырлығы, сондай-ақ шығармашылық еркіндігі сарапқа салынды.
"NIS Challenge 2023 - бұл Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері мен оқушылары арасындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, мектеп өмірін қызықты өткізу әрі білімді жастардың басын бір арнаға тоғыстыруды көздейтін ауқымды жоба. Түлектердің осы бастамасын қолдаған «Даму қоры» корпоративтік қорына, сонымен бірге Назарбаев Зияткерлік мектептері басшылығына алғыс білдіреміз", – деді NIS Alumni қоғамдық бірлестігінің президенті Жанель Сабденова.
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де NIS Challengе интеллектуалды ойыны өтті. Alumni NIS – түлектер қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараға оқушылармен қатар мектеп түлектері қатысты.
Назарбаев Университетінің студенті, NIS 2021 жыл түлегі Рауан Ибрагим де осы шараға қатысып, мектепке деген сағынышын жеткізді:
Түлектермен оқушыларға арналған NIS Challengе шарасына қатысқаныма қуаныштымын. Бүгінде NIS-тің түлегі атанғаныма екі жыл болса да алтын ұя мектебім, ардақты ұстаздарым құшақ жая қарсы алды. Бұндай кездесулер тек 5, 10 жыл демей жыл сайын ұйымдастырылып жатқаны көңіл қуантады. Шара жоғарғы дейгейде өтті, әрі осының арқасында оқушылармен танысып, ойынды жақсы көңіл күйде сәтті аяқтадық.
"Ad astra", "2лер", "Avatars", "777", «Meteor», «Intelligence» , «Shyraq», «Белоснежки», «Болашақ», «Охотники за удачей» атауларымен бір мектеп түлегі және оқушыларынан құралған әр команда зияткерлік қабілеттерін сынға салды. Бес кезең бойынша сан алуан сұрақтарға жауап беріп, танымды тапсырмаларды өз деңгейінде орындады.
Оқушылармен түлектер арасында өткен сайыста «Болашақ» командасы жеңіске жетіп, 100.000 теңгеге сертификат табысталды. Бұл қаражат арнайы NIS түлегі грантының қорына жіберіліп, Зияткерлік мектептің резерв тізіміне түскен бір оқушының оқу ақысын төлеуге жұмсалады.
Айта кетейік, биыл екінші мәрте өтіп отырған білім бәсекесі дәстүрлі түрде өтетін болады. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дайындалған сыйлықтар мен Jusan Singularity ІТ мектебіне ақысыз негізде оқуға мүмкіндік алды.