ДАМУ

Өмірді сақтандыру: Қазақстан халқы Месси мен Роналдудан қандай үлгі алу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заман ағымына қарай қоғамда түрлі жаңашылдық орын алып жатыр. Шетелдерде үйреншікті әрекетке айналғанымен, Орта Азия мемлекеттерінде айтарлықтай дамымаған салалар жетерлік. Соның бірі – өмірді сақтандыру. Bugin.kz журналисі осы тақырыпты зерттеп көрді.

Өмірді сақтандыру маңызды ма?

Қазіргі таңда өмірді сақтандыру маңызды. Ол қалай жүзеге асады десеңіз, жеке тұлға бірнеше ай немесе жылдар бойы табысының белгілі бір бөлігін үлкен әрі сенімді компанияларға құйып отырады. Болашақта сол тұлғаның басына қандай да бір қаржылық тұрғыда қиындық туындағанда әлгі компания жылдар бойғы жиылған ақшаны өзіне тапсырады. Жол апаты, ауруға шалдығу, қарызын өтеу тіпті қайтыс болған жағдайда да көмек беру қарастырылған.

Десек те, біздің қоғамда мұндай үрдіс аса дамымаған. Ал экономикасы озық елдерде екінің бірі осындай көмекке жүгінеді.

Өмірді сақтандырудың екі түрі бар. Бірі міндетті, екіншісі ерікті сақтандыру. Иә, Қазақстанда «міндетті сақтандыру» түрі қалыптаспаған. Ал өмірді ерікті сақтандыруды жиі кездестіруге болады.

Сақтандыру қызметіне жүгінер кезде нені білу керек?

  1. Заңды түрде тіркелген ұйымның лицензиясы болады. Алдымен сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар-жоғын анықтау керек. Бұл ақпарат реттеушінің ресми сайтында орналастырылған.
  2. Сақтандыру - акционерлік қоғам секілді. Қаржы есептілігі депозитарийінің веб-сайтында өздерінің қаржы есебін тұрақты әрі ашық түрде жариялайды.
  3. Компанияның негізгі қаржылық көрсеткішіне назар аударыңыз. Қажетті статистикалық мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында көрсетілген. 

Қазақстан халқы әлем жұлдыздарынан тек мотивация ғана емес, өмірді сақтандыру туралы да инсайт ала алады. Себебі, әлемге танымал әншілер мен спортшылар, актер мен режиссерлер де аталмыш ұйымның көмегіне жүгінеді. Соған орай, болашағына инвестиция құйған ТОП-5 атақты адамды қарастырып көрдік:

  1. Әлемдегі ең қымбат сақтандыру полисі-американдық режиссер Стивен Спилбергте. Оның өмірі 1,2 миллиард долларға сақтандырылған. Айта кетейік, Спилберг «Шиндлер тізімі»; «Индиана Джонс»; «Шамаң жетсе, ұстап көр» секілді және басқа да танымал фильмдерді түсірген.
  2. Спорттық сақтандыру бойынша рекорд қойған футбол аңызы - Лионель Месси. Футболшылар жиі жарақат алатынын жақсы білеміз. Ал Аргентиналықтың сақтандыру полисі - 550 миилон еуро. «Алтын допты» 4 мәрте алған Лео, футболда ғана емес, өмірде де «мықты ойыншы» екенін көрсетті.
  3. Белгілі әнші Рианна 2007 жылы «Gillette» компаниясымен келісшартқа отырды. Компания барбадостық әншінің аяғын 1 миллион долларға сақтандырған.
  4. Португалия тумасы Криштиану Роналду, Реал Мадрид сапында жүргенде аяғын 100 миллион долларға сақтандырған. Егер ол, жарақат алып қалған жағдайда, спортшыға үлкен сома төленетін еді.
  5. Өз болашағын қатты ойлайтын тұлғалар ТМД елдерінде де баршылық. Соның бірі – ресейлік әнші Николай Басков. Николай өз дауысын 4 миллион еуроға сақтандырған.

 

Ашық дереккөздерде осы жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша өмірді сақтандыруға 1 691 260 келісімшарт жасалса, оның 1 601 746 жеке тұлғалармен рәсімделген. Қазіргі таңда Қазақстан нарығында 10 компания жұмыс жасап жатыр. Таңдаулыларының бірі – «Халық-Life».  

Айтпақшы, қазіргі дерек бойынша, өмірді сақтандыру компаниялары жинаған сыйақы көлемі 134 024 млрд теңгеге жеткен.