ДАМУ

31 мамыр күнінде көретін сериалдар мен фильмдер топтамасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Bugin.kz тілшісі осы айтулы датаға орай Алаш арыстары және зұлмат кезең жайлы түсірілген фильм мен сериалдар топтамасын ұсынады.

«Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы

Бұл телехикая ХХ ғасыр басындағы қазақтың зиялы қауым өкілдерінің басынан өткерген қиындығы мен азапқа толы сәттерін көрсетеді.

Телехикая 2021 жылы көрерменге жол тартты. 6 бөлімнен тұрады.

Режиссері: Мұрат Есжан. Ол Ұларбек Нұрғалымұлымен бірге аталмыш сериалдың сценарийін жазып шығады.

Туындыда Ахмет Байтұрсынұлы пікірлес-мұңдастарымен бірге газет шығарып, елді сауатқа шақырады. Оның абақтыға жабылған сәттерінде де кітап жазып, шығармашылығын тастамағанын ашық көрсеткен. Сонымен қатар Ахметтің сүйген жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызы жайлы да тың деректер айтылады.

Фото: Aikyn.kz

Фото: Aikyn.kz

«Оян, қазақ» телехикаясы

«Оян, қазақ» - қалың ұйқыдағы елді оятуға күш салған Міржақып Дулатұлы жайлы туынды.

2022 жылы қалың жұртқа көрсетілген сериал 6 бөлімнен тұрады.

Режиссері: Мұрат Есжан. Сценарий авторлары: Ұларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын Сәйдірахман және Мұрат Есжан.

Телехикаяда Алаш арысының 1909-1935 жылдардағы тартысқа толы тағдыры суреттеледі. Сүйген жары Ғайнижамалмен қосылуы да көркем бейнеленген. Сонымен қатар қызы Гүлнардың өмірін параллельно көрсетіп отырады.

Фото: Qazaqstan.tv

Фото: Qazaqstan.tv

«Қаш» фильмі

«Қаш» - 30-жылдардағы аштық кезеңін бейнелеген фильм.

Режиссері – Айсұлтан Сейітов. Еркебұлан Дайыров, Оңдасын Бесікбасов, Сұлтан Нұрмұха, Толғанай Талғат есімді актерлер басты рөлді сомдаған.

Туындыда Исатай атты ауыл тұрғыны көр қазушы болып жұмыс істейді. Ол өзінің бауыры Әлімді сырттағы адамдардан қызғыштай қориды. Аш біреу-міреудің көзі түсе ме деп, уайымдап жүреді.

Фото: Film.ru

Фото: Film.ru

Бір күні оған Самарқанға астық жіберсін деп, тапсырма түседі. Алайда ел-жұрт бір-бірінен қорқып тұрған заманда ол жолға шығуға жүрексінеді. Жолда біртүрлі шал кезігеді. Содан құтылу керек деп, фильм барысында одан қашып жүреді. Бірақ, шын мәнінде, кім неден қашып жүр?! Оны фильмнен толық көріп аласыздар.