Bugin
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 1 маусымға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 448,13 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,58 теңге.
31 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге қымбаттап, 447,71 теңге болған.
Ресей валютасы 5,51 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444 – 448 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444,5– 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,4 – 5,6 теңгеге сатып алуға болады.