Әлем
Киевке түнде жасалған зымыран шабуылынан үш адам қаза тапты, оның ішінде 11 жасар қыз да бар, деп хабарлады аймақтық полиция.
Ресей Украина астанасына зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар арқылы тұрақты түрде әуе соққыларын жасап жатыр. 11 адам жараланған соңғы шабуыл шығыстағы Деснянский және Днепровский аудандарында тіркелді. Шығыстағы шабуылдан, 33 жастағы әйел мен қыздың 34 жастағы анасы бақилық болды.
Еске салайық, осыған дейін Украина шенеуніктері екі баланың қайтыс болғанын хабарлаған, бірақ содан кейін ақпарат қайта қаралған еді.
Бұл осы аптадағы төртінші шабуыл және мамыр айында Украина астанасына 17 мәрте соққы жасалған. Тек біреуі ғана күндіз жасалған болса, қалған шабуылды басқыншы ресейліктер түнде іске асырған.
Әскери билік бөліскен суреттерде құтқарушылар тобының адамдарға, сондай-ақ зардап шеккен ғимараттарға көмек бергені көрсетілген.
Киев мэрі Виталий Кличко Telegram желісінде таңертеңгі жазбасында қалада «жарылыстар сериясы» болғанын, құтқарушылар құлаған үйінділер мен өрттен зардап шеккендерге қол ұшын осзып жатқанын жариялады.
Бейсенбі күні таңертең Ресейдің батысында орналасқан, Украинамен шектесетін Белгород облысының губернаторы Шебекино қаласына жасалған шабуылдан кемі екі адамның жараланғанын және бұл оқиғаға украин әскерін кінәләйтінін мәлімдеген.
Белгород губернаторы Вячеслав Гладков Telegram арнасында: «Түн Шебекино үшін тағы да шиеленісті. Украин әскерлері бір сағат бойы қаланы атқылап тұрды», - деп жазды.
2022 жылдың ақпанында Украинаға басып кірген Ресей әскері, соңғы апталарда камикадзе ұшқышсыз ұшқыштарын, сондай-ақ бірқатар қанатты және баллистикалық зымырандарды пайдаланды.
Киев - басты нысанаға айналған қала. Сарапшылардың пікірінше, бірнеше ай бойы қарсы шабуылды жоспарлаған Украина үкіметі алғашқы қадам жасамай тұрып, ресейліктер Украинаның әуе қорғанысын тоздыруға және зақымдауға тырысады.
Дереккөз: bbc.com