Bugin
ШҚО-да жаңа гематологиялық орталық салынады. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мақтана айтты.
Бұл – әлемдік деңгейдегі нысан. Ол Орталық Азиядағы жалғыз нысан болады. Молдова шекарасынан Тынық мұхитына дейін ондағы стандарттар мен жабдықтар теңдесі жоқ болады. Біз бүгін тиісті мамандарды дайындап жатырмыз, - деді Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, медициналық орталықта емделудің орташа бағасы – шамамен 30 мың доллар.
Облыс әкімі науқастар Түркияда, Үндістанда және Еуропада ем іздейтінін, бірақ онда тиісті жағдай жасалмағанын атап өтті.
Жақсы орталық тек Беларусьте бар. Біз (Ғимаратты пайдалануға берсек, – автор) ШҚО мен Қазақстанда сұранысты қамтамасыз етіп, медициналық туризмнің дамуына жол ашамыз, - деді облыс әкімі.
Өңір басшысы гематологиялық орталықтың құрылысы 2025 жылға дейін бітуі керектігін атап өтті.