Bugin

Павлодарда 10-қабаттан құлаған 4 жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарлық дәрігерлер 10-қабаттан құлап кеткен төрт жасар баланың жағдайы туралы мәліметтермен бөлісті. 

30 мамыр күні кешке Павлодарда Целинная көшесінің бойындағы үйдің 10-қабатынан  төрт жасар бала құлап кетті. Бала шұғыл түрде жақын жердегі Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Баланың жағдайы тұрақтана салысымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті жалғастыруда, жағдайы өте ауыр, – делінген Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, Павлодарда 30 мамыр күні төрт жасар бала 10-қабаттан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын.