ДАМУ
Автокөлік әлемге әйгілі Toyota Motor Corporation компаниясымен өзара байланысты. Негізін салушы – Саикити Тоёда мен Киитро Тоёда. Саикити алғаш Жапонияның жіппен тоқу станогын жинап, ойлап тапқан. 1929 жылы Киитро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысу үшін сапар жасап, 1930 жылы компания иесі Сакичи Тойоданың ұлы Киитро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды.
Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. Ал 1934 ;sks компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды. Осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді. Дәл осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енгізілді. Ал АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Бастапқы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды. 1937 жылдан бастап компания Toyota Motor Corporation ретінде жұмыс істейді.
Бастапқыда Toyota компаниясы тігін станоктарын жасаумен айналысқан. Ол 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды.
Тіпті, Тойотаның белгісі инеден өткізілген жіп түрінде көрініс тапқан.
Алғашқыда компания атауы Toyoda Automatic Loom Works деп аталған.
Toyoda Automatc Loom Works-тың негізін салған - Сакичи Тойода.
1937 жылы Toyota Motor Corporation жеке бөлініп шыққан соң, Toyoda атауы Toyota-ға өзгертілген.
Біріншіден, Тойота құлаққа жағымды естіледі, екіншіден жапонның катакана әліпбиінде «Тойота» сөзі 8 белгіден тұрады. Ал Жапонияда 8 саны сәттілік пен байлықтың белгісін білдіреді.
ХХ ғасырдың басы мен ортасына қарай Жапония Азия елдеріне басып кіріп, Қытай, Ұлыбритания және АҚШ секілді мемлекеттерге соғыс жариялады.
Осыған орай, Жапония әскеріне автомобильдер аса қажет еді. Сакичи Тойоданың ұлы Киитиро Тойода осыны дер кезінде түсініп, автомобильдер жасауға шешім кабылдаған.
Өзінің алғашқы көлігін жасау үшін, Киитиро Тойода АҚШ-қа арнайы барып, американдық DeSoto Airflow автокөлігін сатып алды. Ол көлікті Жапонияға алып келіп, зерттеу үшін бөлшектеп тастаған. Осылайша, ол Тоуоtа-ның алғашқы автокөлігі Toyota AA-ны жасап шығарған.
Екінші дүниежүзілік соғыста Жапония жеңіліс тапқан соң, Тойота компаниясы банкрот халінде болды. Компанияны тығырықтан Корей соғысы шығарды. Себебі, Корей соғысында АҚШ әскері көліктерге мұқтаж болып, Тойота компаниясына тапсырыстар берген.
Автомобиль жасау тарихындағы сатылымы ең жоғарғы автокөлік - Toyota Corolla болып саналады. 1966 жылы Corolla-ның алғашқы буыны жарық көрсе, бүгінгі таңда 12-ші буыны өндіріледі. Бұл көліктің әлемде 50 млн-нан аса данасы сатылған
1994 жылы нарыққа шыққан Toyota RAV4 автокөлігі - кроссоверлердің бүкіл әлемге танымал болуына ықпалын тигізді. RAV 4 атауы «Recreation Active Vehicle», яғни «белсенді демалысқа арналған көлік» деген мағынаны береді. Ал 4 саны - көліктің 4 дөңгелегінің тартатындығын білдіреді.
Toyota компаниясының штаб-пәтері Жапонияның Тойота қаласында орналасқан. Бұрын бұл қала Коромо деп аталған. Бірақ 1958 жылы жергілікті билік Toyota компаниясының құрметіне қала атауын беруді ұсынған. Бұл қалада қазіргі таңда Тойотаның 7 зауыты бар.
Toyota компаниясы әлі күнге дейін Toyoda отбасына тиесілі. Қазіргі таңда, компанияның президенті - Акио Тойода.
Аяна Нұрқияс