Bugin
Қостанай әкімшілігі Ресей президенті Владимир Путиннің келуіне 10 миллиард теңге жұмсамақ.
Жергілікті БАҚ Қостанайда күзде Ресей мен Қазақстанның аймақаралық форумы өтетінін, оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады деп күтілуде деп хабарлайды. Қалада бұл шараға алдын ала дайындалып, көшелерге асфальт төселіп, ағаштар отырғызылды. Бірақ ең маңызды дайындықтар алда.
Өңіраралық форумға дайындық жұмыстарына Қостанай қаласының әкімдігі барлығы 10 млрд теңге жұмсайды деп күтілуде. Бұл қаржыға субұрқақтар жөнделіп, салынып, көше жарығы жаңартылып, көшелерге Башқұрт елінен келген ағаштар отырғызылады, үйлердің қасбеттері жөнделеді, брусчатка ауыстырылады, мәрмәр урналар орнатылады. Рас, бүкіл қалада емес, оның Ресей президентінің делегациясы өтетін бөліктерінде ғана.