БІЛІМ
Ұлттық бірыңғай тестілеу - Қазақстандағы мектеп бітірушілер алдында тұрған негізгі сынақтардың бірі. Бұл емтиханға дайындық кезеңі әр оқушы үшін күйзеліске толы екені сөзсіз. Түлектер мектепте алған білімін шыңдау үшін түрлі қосымша білім беретін курстардың есігін қағады. Бірақ ондай курстар жолға кететін уақыт, тым көп ақпаратпен баланың энергиясын алу және қолжетімсіз, қымбат бағасының әсерінен оқушылардың оқуға деген қызығушылығын төмендетіп жібереді.
Сондықтан бүгінде заманауи технологиялар мен интернет-ресурстар әлемінде ҰБТ-ға дайындалуға арналған онлайн платформалар барған сайын танымал болуда. Және сондай аз уақытта тиімді оқыту әдісін қолданатын бағдарламалардың бірі – Daryn Online платформасы.
«Daryn Online» - ҰБТ-ға толыққанды дайындық курстарын ұсынатын инновациялық онлайн платформа. Ол оқушылар емтиханды сәтті тапсырып, өз грантын жеңіп алуы үшін барлық қажетті материалдармен, сынақтармен және оқу ресурстарымен қамтамасыз ету үшін құрылған. Платформа білім алушыларға ең тиімді оқыту әдістерін ұсыну үшін тәжірибелі мұғалімдер мен ҰБТ сарапшыларын біріктіреді.
- 32 000 - нан аса түлек грант иегері атанды
- Оқушылардың орташа балы - 119 балл
- 4000 - нан аса оқушы 130 балдан көп жинаған
Оқушылардың мұндай үздік нәтиже көрсетуінің бірден-бір себебі - практикалық тапсырмалар мен тестілердің көп болуында. ҰБТ-ға тиімді дайындалу үшін жүйелі түрде практикалық тапсырмаларды орындап, сынақтардан өту қажет. Daryn Online студенттерге білімдерін бекітуге және дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін тапсырмалар мен тесттердің кең дерекқорын ұсынады. Сондай-ақ бұл оларға ҰБТ-да табуға болатын сұрақтардың форматы және түрлерімен танысуға көмектеседі.
Платформаның арқасында емтиханға дайындалушылар оңай білім алуға қол жеткізеді. Тіркелгеннен кейін оқушы өзін қызықтыратын пәндер бойынша материалдарды оқуға кірісе алады. Мұнда ең маңыздысы - қажетті пәндерді таңдап, оларды ыңғайлы режимде оқи алатындығында. Әр тақырыпты өз қарқынымен оқып, қиын тақырыптарды толық түсінгенше қайталай алады. Сонымен қатар, мұғалімдермен байланысып, түсініксіз тұстарына жауап ала алады.
«Daryn Online» - мен дайындалудың артықшылықтары:
Оқыту икемділігі
Платформа оқушыларға тестілеуден өтіп, ҰБТ-ға дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл оларға өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және оларды жақсарту қажет тақырыптарға назар аударуға көмектеседі. Сондай-ақ онлайн оқудың арқасында жолға уақыт шығындамай, білім алуға көбірек көңіл бөле алады. Әрі бағаның қолжетімділігі де өз әсерін тигізетіні сөзсіз.
Жекелендірілген әдіс
«Daryn Online» әр оқушының білім деңгейін ескере отырып, жеке оқытуды ұсынады. Ол әрбір оқушының қажеттіліктері мен үлгеріміне бейімделеді, бұл олардың табысқа жету мүмкіндігін арттырады.
Ең маңызды материал
Платформа оқу материалдарының толық жинағын, соның ішінде әртүрлі бейне оқулықтарды, викториналарды, тапсырмаларды және түсініктемелерді ұсынады. Бағдарламаны дайындаушылардың көпжылдық тәжірибесі мен арнайы ҰБТ сарапшы-мамандарының арқасында емтихан кезінде міндетті түрде келетін маңызды тақырыптар қамтылған.
Сонымен қатар дұрыс тамақтану, дұрыс ұйқы және нетворкинг құра білу ҰБТ-да жоғары балл алуға тікелей әсер ететінін де естен шығармаған абзал. Бұл факторлар тепе-теңдікті сақтағанда ғана білім алу жеңіл жүзеге асады.
Дұрыс тамақтану
Тұрақты және пайдалы өнімдермен тамақтану сіздің энергияңызды арттырып, нақты фокус қоя білуге көмектеседі. Сондай-ақ жемістерді, көкөністерді, дәнді дақылдарды және ақуыздарды жиі тұтыну сіздің миыңыздың оңтайлы деңгейде жұмыс істеуіне көмектеседі. Ұйқы шақыратын немесе шаршауды тудыруы мүмкін шамадан тыс тамақтанудан және зиянды тағам түрлерінен аулақ болыңыз.
Дұрыс ұйқы
Сапалы ұйқы - есте сақтау, зейінді шоғырландыру және когнитивті функцияларда маңызды рөл атқарады. Мидың демалуы жеткілікті ұйықтауға тырысыңыз. Тұрақты ұйқы кестесін орнатып, ұйықтар алдында кофеин мен басқа да зиянды өнімдерді қабылдамаңыз. Дұрыс ұйқы үшін бөлмені желдетіп, ыңғайлы төсек-орын таңдап, жағдай жасаңыз.
Нетворкинг
Басқа білім алушылармен өзара байланыс құру және оқу материалын талқылау емтиханға дайындалуда өте пайдалы болуы мүмкін. Сыныптастармен ғана байлыныста болмай, желілерден түрлі таңдау пәніңіз ұқсас форумдар мен талқылау топтарын іздестіріңіз. Мұндай қарым-қатынас біліммен, оқу материалдарымен бөлісуге және бір-бірін қолдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, емтиханнан өткен адамдармен де сөйлесіп, қалай дайындалу керектігі туралы кеңестер алудың пайдасы көп.
P.S: Біздің заманымызда лайықты білім алудың маңызы артып келеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу - университеттерге түсу үшін өте маңызды және оқушылар үшін күрделі дайындықты қажет ететін сынақ түрі. Сондықтан мүмкіндігінше дайындықты ертерек қолға алу қажет. Ал жақсы және сапалы дайындалу үшін бүгінге дейін нәтиже көрсетіп үлгерген «Daryn Online» сынды ресурстарға сенім артудың маңызы зор.