Bugin
Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы - Бішкек автожолында BMW автокөлігін тоқтатқан.
Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.
"Қазір сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген полиция таратқан хабарламада.