Bugin

Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қызды тоқ соқты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысы Ақсу қаласында субұрқаққа шомылған 3 жасар қыз баланы тоқ соқты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 3 жас 9 айлық қыз баланы 3 маусым күні 15:53-те ауруханаға оқиға орнынан жедел жәрдем көлігі жеткізген. Куәгерлердің айтуынша, ол субұрқаққа түскен кезде тоқ соққан. Ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы ауыр болған, есін білмеген.

Бала жансақтау бөліміне жатқызылып, Ақсулық дәрігерлерге көмекке санавиациямен Павлодар қаласынан мамандар келген. 21 сағаттағы ахуал бойынша, баланың жағдайы жақсарған.

Қазіргі сәтте бүлдіршін есін жиған.