Bugin

Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

4 мамыр күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Сычуань провинциясының Лешань қаласындағы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында тау опырылған.

Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам адам жіберілді. Іздеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды.

Қазір таудың опырылу себептерін анықталуда.