Bugin
Теңізге батып кете жаздаған 24 жастағы Қазақстан азаматы Таиланд ауруханаларының бірінде көз жұмды. Бұл туралы жігіттің әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады.
Жас жігіт Таиландқа қалыңдығымен бірге демалуға барған. Олар шомылып жүргенде толқын көтеріліп, қалыңдығы суға кете бастаған. Жігіт қалыңдығын құтқаруға ұмтылады. Бірақ оны құтқарғанымен, өзі толқын астында қалып қойды.
Ол сол елдегі ауруханаға орналастырылды. Алайда туыстары оның денсаулығы туралы мардымды ақпарат ала алмай отырғандарын хабарлаған.
Жігіттің әпкесі інісін елдегі ауруханаға жеткізу үшін сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған еді.