Bugin
Алматыда полиция қызметкері өз әріптесіне оқ атты.
Оқиға жайлы ақпарат Kozachkov Telegram каналында пайда болды.
Тараған ақпарат бойынша, оқ атқан - 28 жастағы сержант. Олар жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде болған.
Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.
Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған.
Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған.
"Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды",- деп хабарлады ведомстводан.