Bugin

Депутат Зайытов ұшаққа домбыраны кіргізбегендерді сынап тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Депутат министрліктен ұшаққа ұлттық аспаптарды кіргізу мәселесін шешіп беруді талап етті.

"Кімдікі болса да, қалай болса да шешіп беріңіздер. Қазақтың өзі 4-5 аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіруге рұқсат алсын. Егер ала алмайды екен, Алматы мен Астананың әуежайына 1000 домбырашыдан қойып, сіздердің қолдарыңыздан келмесе жалынып сұрайық",- деді депутат.

Айта кетейік, айтыскер ақын Тілеутайды Fly Arystan бортсеріктері домбырамен ұшаққа кіргізбегені әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды.

Кейін әуе компаниясы ережеге бойынша музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алу керек деп түсіндірді.