ДАМУ

«300 мың адам қаза тапқан»: XXI ғасырдағы ең ірі ТОП-3 цунами

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаз басталғалы отандастарымыз әлемнің әр түкпіріне саяхат жасап жатыр. Демалыс кезінде жұмыс пен басқа да мәселені ысырып, шетелде жүрген әлбетте жақсы. Алайда, баратын елдің ауа райы мен басқа да жағдайларын ескерген жөн. Соның бірі – цунами. Bugin.kz жиырма бірінші ғасырдағы ең ірі 3 цунамидің тізімін ұсынады.

iz.ru

iz.ru

Сулавеси аралы, Индонезия, 2018 жыл

5 жыл бұрын Индонезияның Сулавеси аралының тұрғындары әлемдегі ең үлкен цунамидің бірінен зардап шекті. Мұның себебі - жер асты дүмпулері, магнитудасы Рихтер шкаласы бойынша 7,5-ке дейін жеткен. Жер сілкінісі Палу қаласын соққан толқындарды екі метрге дейін көтерген. Жығылғанға жұдырық дегендей, су ағындары селге ұласып, жолындағының бәрін тып-типыл еткен.

Өкініштісі табиғи апаттан 10 мыңнан астам жараланып, 4340 адам ажал құшты.

svoboda.org

svoboda.org

Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауы, 2011 жыл

2011 жылдың наурызында 9 балдық жойқын жер сілкінісің әсерінен Жапонияның солтүстік-шығыс жағалуында тарихтағы аса ірі табиғи опатты тудырды. Бұл – цунами еді. Куәгерлердің сөзінше, Мияко аралындағы судың толқыны 40 метрге дейін жеткен. Аномальды толқындар аралдағы мемлекеттерді шайып кеткен.

Ресми деректе 16 мың адам қаза тауып, 2,5 мың адам із-түзсіз жоғалып кеткені айтылады.

Цунамидің жойқындығы сонша, жапондықтарға тағы бір апат әкелді. Адамзат тарихындағы ең үлкен Фукусима-1 атом электр станциясы да апатқа ұшырады. Оның нәтижесі сәулеленуге алып келді. Сол себепті өңірдің мыңдаған тұрғыны қара шаңырағын тастауға мәжбүр болды.

tourdom.ru

tourdom.ru

Оңтүстік-Шығыс Азия (Таиланд), 2004 жыл.

Жиырма бірінші ғасырдағы ең ірі цунамидің бірі Үнді мұхитында болды. 9,1-9,3 балл арасында болған жер сілкісінің арты мұхит суын ұйқысынан оятты. Индонезия, Үндістан, Таиландқа жеткен толқын суы 15 метрге дейін көтерілген. Судың ағу жылдамдығы сағатына 720 шақырымды құраған.

Тілсіз жаудан қаза тапқандар саны нақты белгісіз. Бірақ 225-300 мың адам қайтыс болғаны айтылады. Бұл опат қарғысқа айналғаны сөзсіз. 7 мың шақырымда орналасқан Оңтүстік Африка тұрағындары да жер сілкінісі болғанын сезген.

Табиғи апатқа байланысты Оңтүстік-Шығыс Азияның 5 миллионға жуық тұрғыны көмекке мұқтаж болды.