Спорт
Таиланд астанасы Бангкок қаласында ADCC күресінің ең беделді нұсқасы бойынша грэпплингтен Оңтүстік-Шығыс Азияның ашық чемпионаты өтті. Грэпплинг чемпионатында қазақстандық екі спортшы алтын мен қола медаль жеңіп алды.
Атаулы бәсекеде Әліби Оразбек пен Омар Манаров Қазақстанның атынан шықты. Беделі спортшыларымыздың бірі Әліби алтын, Омар қола медальды қанжығасына байлады. Олар кәсіпқой секцияда 88 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын.