ДЕНСАУЛЫҚ

Аптап ыстықта қандай тағамдарды жеуге болмайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейінгі күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн қатты ысып кетті. Термометр шамамен 30 °C көрсеткенде адам ағзасында да қиындықтар туындауы мүмкін. Адамда бас ауруы, тахикардия, шөлдеу, белсенділік пен өнімділіктің төмендеуі пайда болады. Мұның алдын алудың бір жолы – дұрыс тамақтану.

Ал нутрициолог Радмила Степанова аптап ыстықта жеуге болмайтын тағам түрлерін айтып, кеңес берді.

Балмұздақ пен тәттілер

Ыстықта біз салқындау үшін балмұздақ жейміз, бірақ бұл әдет қате. Себебі, денеге суық тағамдар мен сусындарды сіңіру қиын болғандықтан, белсенді жұмысының арқасында ол іштен жылынуды бастайды. Дұрысы дене температурасына сай келетін тағам тұтыну. Аптап ыстықа балмұздақ температураның жоғары контрастына байланысты бас ауруын тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ, барлық тәтті тағамдар (соның ішінде балмұздақ, шоколад, торт, зефир, тәтті жемістер және т.б.) дегидратацияны тудырады. Ылғалдың едәуір мөлшері десерттерді қорытуға кетеді. Сондай-ақ, қарапайым қанттар бактериялардың көбеюіне және дамуына ықпал етеді, мұның арты улануға дейін апарады.

Қарбыз, қауын және тәтті шие

Жазда жеміс-жидектің түр-түрі піседі. Әсіресе қарбыз бен қауынға деген сұраныс артады. Алайда, ыстықта диуретикалық әсері бар жеміс-жидектерді жеуге қатаң тыйым салынады. Оларға: қарбыз, шие, өрік, шабдалы жатады. Бұл өнімдер дегидратацияға әкеледі.

Сонымен қатар, тәтті жемістер мен жидектер қандағы қанттың күрт өсуіне әкеледі. Жемістерден толығымен бас тартудың қажеті жоқ, оларды күн салқында тұтынған абзал. Айтпақшы, ыстықта көкөніс пен түрлі шөптер қосылған смузиді пайдаланған жөн.

Кәуап

Кәуап және басқа да майлы әрі қуырылған тағамдарды ыстықта жеу ұсынылмайды. Оның бірден бір себебі, қорытуға ұзақ уақыт кетеді. Бұл ағазадағы процесті қиындатады, өйткені жазда біздің қанымыз қоюланып, метаболизм айтарлықтай баяулайды. Ауа райының аса жылы кезінде кәуап, стейк, барбекю секілді ағзаға «ауыр» болатын тамақ түрлерін жемеген абзал.

Ащы өнім мен дәмдеуіштер

Ащы тағамдар мен дәмдеуіштердің көптігі дене температурасының жоғарылауына әкеледі, бұл ингредиенттердің құрамында болатын капсаицинді қосу арқылы пайда болады. Өз кезегінде, дененің қызып кетуі қатты терлеуге әкеледі және нәтижесінде біз осындай ауа райында ең қауіпті болып табылатын дегидратацияға ұшырауымыз мүмкін. Сондықтан ыстықта васаби сушиінен, шығыс тағамдарынан, желкек, жабайы сарымсақ, пияз, тұзды қиярдан, қызыл және қара бұрыштан бас тарту керек.