Әлем

Мердігерлердің асфальт орнына қара кілем төсегені рас па? (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желілерде үнді ауылының тұрғындары жаңа салынған асфальтты қолмен көтеріп, оның жай ғана қара кілем сынды мата екенін көрсеткен видео тарап, шу тудырып жатыр.

Жергілікті тұрғындар көптен бері өз аймағының инфрақұрылымының жай-күйіне наразы. Алайда, жол құрылысы жобасына қатысты сыбайлас жемқорлық дерегі жарияланғанда олардың наразылығы өрши түсті. Видеоны Рохит Шарма есімді Twitter қолданушысы бөлісті. 38 секундтық видеода жергілікті мердігердің жолдың астына кілем тәрізді материал қойғаны көрсетілген. Видеода ауыл тұрғындарының Рана Такур есімді жергілікті мердігерді сынап жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар, сыртқы жағынан, жаңа жол шынайы көрінеді. Мердігер өзін қорғау үшін жұмыс қандай да бір «неміс технологиясы» бойынша жүргізілгенін мәлімдеді. Тығыз матаға құйылған бірнеше сантиметрлік асфальт қабаты жол бола алмайтыны анық байқалады.

Жергілікті тұрғындар алаяқтық жасаған мердігердің жауапқа тартылуын талап етеді, ал билік бұл оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Free Press Journal басылымының хабарлауынша, олар сапасыз құрылысты мақұлдаған инженерді жазалауды қалайды.