Bugin
Ұлттық қордың қаражаты 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізілмек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
"Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту қарастырылған. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді", - деді Е. Жамаубаев.