Bugin
Видеода үстіне ақ комбинезон киген ер адамның микроқаржы ұйымына баса-көктеп кіргенін көруге болады. Ол кассирді ойыншық тапаншамен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткен. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген.
Кейін күдікті оқиға орнынан қашып кетеді.
39 жастағы ер адам халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен.Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қылмысқа барған азаматты ұстады. Оған қылмыстық кодекстің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған.