Bugin
Мәжіліс аясында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік туралы айтты.
Журналистер Қорғаныс министрінен жастар неге әскерде қызмет еткісі келмейтінін сұрады. Министр бұл олардың тәрбиесіне байланысты екенін айтты. ”Мүмкін, бұл Қарулы күштеріміздегі қарым-қатынас, ұрып-соғу суицидтер мен жанжалдарға байланысты шығар?” –деді журналист. Министр бұған әзіл қоса отырып, жауап берді.
"Өмір деген – жизнь. Өмірде бәрі болады. Бір нәрсе айтқым келеді, адамдармен жұмыс істейтінтіндердің өмірі толық сақтандырылмаған, қауіп болады. Бірақ Қарулы күштердің басшылығы ондай жағымсыз жағдайларды жою үшін барлық шараны қабылдауда", – деді министр.