Саясат
Деген екен...
2016 жылдың 27 қарашасында Тұңғыш Президент күні қарсаңында Россия 24 арнасының журналисі Эвелина Закамская Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алып, Астана қаласының ребрендингі, оған Елбасының есімін беру ұсынысы жайлы пікірін сұрады. Президент Назарбаев еш бөгелместен рационалды жауап берді.
"Мен осында тұрамын, оның барлығын естіп, біліп отырмын. Астана – бренд. Оның атын ауыстырудың қажеті жоқ. Ретін көріп тұрған жоқпын. Біздің елдің 25 жылда жеткен жетістігін менімен байланыстырылатыны мені, әрине, қуантады. Бірақ мен қандай болсам да, менің қызметтес адамдарымның еңбегі болмағанда, оларды өз орнына тағайындап отырмағанда мұндай жетістікке жетпес едік. Осыған дейін Астанада біршама халықаралық ірі іс-шара өтті. Оның барлығы Астана атымен байланысты. Сондықтан оны ауыстырудың не қажеті бар?! Парламент депутаттары мен халықтың мұндай ұсынысына, әлбетте, дән ризамын. Кім біледі, егер келер ұрпақ дәл осы ребрендинг мәселесін қайта көтеріп, оған тарихи жағдай жасайтын шығар, көре жатармыз", – деді Назарбаев.